Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Экономикалық интеграция департаментінің 2016 жылғы қызметінің нәтижесі бойынша есеп

 

Жыл басынан бері Еуразиялық экономикалық одақ аясында ҚР ИДМ желісі бойынша 22 құжаттар қабылданды.

2016 жылғы 26 желтоқсанда Одақтың мемлекет басшыларымен Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінің Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері қабылданды.

Көлік саясаты көлік стратегиясын жұптастыруға және заңнамаларын үйлестіруге негізделген мүше-мемлекеттер арасындағы көлік тасымалын дамытуға бастапқы бірыңғай мүмкіндігін белгілей отырып, көлік қызметтерін көрсетуге тең құқықты және тепе-теңдік жағдайларын құруға бағытталған.

Көлік саясатын жүзеге асыруға тиісті іс-шаралар жоспары (жол картасы) әуе көлігі мәселелері бойынша 2017 жылғы 1 шілдеге дейін және басқа көлік салалары бойынша 2017 жылғы 31 желтоқсанына дейін әзірленетін болады.

Сонымен қатар, Одақтың мүше-мемлекеттерімен көлік саясатын іске асырудың аясында Одақ шеңберінде 2025 жылға дейін көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кезіндегі қолданыстағы шектеулерді алуды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданатын болады. 

2016 жылдың 17 наурызында Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімімен орта кезеңге бағытталған және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың құралдары мен тетіктерін анықтайтын, Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша актілерді және іс-шараларды әзірлеу Жоспары (бұдан әрі - Жоспар) қабылданды. Жоспарға сәйкес, 2016 жылы 20 тармақ пысықталды, соның ішінде:

1. Еуразиялық өнеркәсіптік кооперациялау және субконтрактациялау желісін құру шеңберінде

ЕАЭО мүше мемлекеттерінің өнеркәсіптік өнімдерін өндірушілерінің тиімді өнеркәсіптік ынтымақтастықтың пішіндерін ұйымдастыруға бағытталған.

2. Еуразиялық даму банкімен кооперациялық жобаларды қаржыландыру бойынша (ЕАДБ)

Мүше мемлекеттер және ЕАДБ бірлесе отырып ЕАДБ-мен қаржыландыру үшін интеграциялық потенциалы бар кооперациялық жобаларды қарастыру бойынша жұмыс тобы құрылды, басымды бағыттар, сондай-ақ жобаларды таңдау мөлшерлері бекітілді.  

Осы механизм бизнестен бастау алған кооперациялық жобалардың ЕАДБ арқылы қаржыландыруын оңайлатады және өнеркәсіптік ынтымақтастың дамуына септігін тигізеді.

3. Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру және жұмыс істеуі туралы (ЕТП)

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 шешімімен ЕТП-ны қалыптастыру, жұмыс істеуі және қаржыландыру туралы ережесі, сондай-ақ 14 бағыттан тұратын, оны қалыптастыру бойынша тізбе бекітілді.

ЕТП одақтық инфрақұрылым және ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы кооперацияның тетігі болып табылады. ЕТП одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп кешенінің ғылыми-техникалық және өндірістік кооперацияларында тиімді байланыс тізбектерін, сондай-ақ өзара тиімді инновациялық дамуды ынталандыру үшін инновациялық технологияларды енгізуге жаңа бәсекеге қабілетті өнімді игеру бойынша бірлескен кооперациялық жобаларға шығуға мүмкіндік береді.

2016 жылғы 26 мамырдағы келісім шегінде «Ғарыштық геоақпараттық технологиялар – жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің өнімдері» бағыты бойынша ЕТП консорциумында Қазақстанның қатысуы бойынша мәселелерді пысықтау жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, осындай жұмыстар Қазақстанның инновациялық дамуы үшін маңыздылығы кем емес ЕТП-ның басқа-да бағыттары бойынша жүргізілетін болады.    

4. Білдекжасау бойынша Еуразиялық инжинирингтік орталығын құру тұжырымдамасына қатысты

ЕАЭО-да Орталықтың құру нысанын, механизмдерін, міндеттері мен жалпы қадамдарын көздейтін, білдекжасау бойынша Еуразиялық инжинирингтік орталығын құру тұжырымдамасы қабылданды. Орталықтың қызметінің негізгі мақсаты инновациялық технологиялық шешімдерді әзірлеу және оларды ЕАЭО мүше мемлекеттерінің машина жасау кешендерінің өндірістік процестерге енгізу.

5.      ӨЫНБ іске асырылу нәтижелерін жыл сайынғы талдау және мониторингтеу туралы

ӨЫНБ іске асырылу мниторингі ережесі оның жүргізу тәртібін көздейді. Негізгі міндеттері болып іс-шаралар жоспарын талдау, ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың тиімділігін көтеруге бағытталған.

Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің индустриалдық-инновациялық инфрақұрылым объектілерін құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ең жақсы тәжірибелерін тарату ұсынымы қабылданды. Ұсыным әлемдік тәжірибеге сәйкес өнеркәсіптік инфрақұрылым объектілерін құру және жұмыс істеуінің стандарттарын (оның ішінде халықаралық) енгізуді, инновациялық инфрақұрылым объектілерінде кәсіпорындар мен ұйымдардың кооперациясын дамытуға, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттерінің инновациялық және өнеркәсіптік объектілері арасында әрекеттесуді ұйымдастыруға бағытталған бірқатар шараларды іске асыруды қарастырады.

Сонымен қатар, ЕЭК кеңесінің қара металлургия саласында мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытуы туралы ұсынымы қабылданды, ол мүше мемлекеттердің осы саладағы өнеркәсіптік кооперациясының дамуына бағытталған.

 

Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу мәселелері жөнінде

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ үшін 400 мың тоннадан кем емес көлемдегі ванадий-алюминий лигатурасына бір жылдық мерзімге тарифтік жеңілдік алу мәселесі мақұлданды (2016 жылғы 21 желтоқсандағы ЕЭК Кеңесі шешімімен).

Украинада өндірілетін ферросиликомырышқа қатысты демпингке қарсы шаралар күшіне енгізілді (2016 жылғы 2 маусымдағы ЕЭК Алқасы шешімімен).

 Титан оксидтері мен алюминий фторидтеріне әкелімдік кеден мөлшерлемесі 0%-ға дейін азайтылды (2016 жылғы 11 шілдедегі ЕЭК Кеңесі шешімімен).

Уақытша әкелінетін турбиналы-винтті азаматтық жолаушы ұшақтарының жекелеген түрлері кедендік баждар мен салықтарды төлеуден  босатылды (2016 жылғы 30 қарашадағы ЕЭК Кеңесі шешімімен).

 

Бұдан басқа, ЕАЭО туралы келісімге сәйкес тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жылжу еркіндігі қамтамасыз етілетіндіктен Департаментпен 2016 жылы қазақстандық өндірушілерге қатысты дискриминациялық іс-әрекет болып табылатын кедергілер, талаптар, алып тастаулар мен шектеулер анықталды.

Осыған байланысты көрсетілген кедергілер бойынша Департаментпен оларды жою жұмыстары жүргізілуде.

 

2016 жылы анықталған кедергілер бойынша кесте

 

Кедергінің атауы

Мемлекет

Қолдану саласы

Талаптар

1.

Диодтық жарықтандырғыш өндірушісі болып табылатын «PROLUXLED» ЖШС-на Ресейде өкілдік ашу туралы талап.

РФ

Мемлекеттік сатып алулар

2.

 «Ресейде өндірілген баламасы жоқ өнеркәсіптік өнімдерді өнеркәсіптік өнімдерге жатқызу критерилері туралы» РФ Үкіметінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 719 қаулысына сәйкес Ресейде өндірілген баламасы жоқ өнеркәсіптік өнімдерді өнеркәсіптік өнімдерге жатқызу критерилері белгіленген (2015 жылғы 1 қазанда күшіне енген).

РФ

Технологиялық операциялар

(өндірісті локализациялау)

3.

РФ Үкіметінің 2016 жылғы 7 наурыздағы № 930 қаулысына сәйкес Ресейде цемен өніміне сертификат алу процедурасы қиындатылған.

РФ

Техникалық реттеу

4.

Теміржол жолаушылар вагондары үшін шыны пакеттер жеткізу шеңберінде қазақстандық өндіруші «Стекло-Сервис» ЖШС-ға «Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақ техникалық регламенті бойынша ресейлік КМТ (Санкт-Петербург қ.) компаниясымен қосымша талаптар қойылуда.

РФ

Техникалық реттеу

5.

Қазақстандық өндірушілер РФ-ке электр құрал-жабдықтарын экспорттау кезінде сертификациялау бойынша проблемалармен жолығады, атап айтқанда «Федералдық бірыңғай энергетикалық жүйе желілік компаниясы» ААҚ және «Аймақаралық тарату электржелілік компаниялар холдингі» ААҚ сәйкестікті бағалау құжаттарынан бөлек «ФБЭЖ ЖК» ААҚ-ның және «АТ ЭКХ» ААҚ-ның 2013 жылғы 25 ақпандағы № 124/125 бұйрығына сәйкес «ФБЭЖ ЖК» ААҚ жүйесінде қосымша процедуралар өтуді талап етеді.

РФ

Техникалық реттеу

Алып тастаулар

6.

Беларусь Республикасының Жарлығы жобасына сәйкес 2 жыл көлемінде мемлекеттік сатып алуларды қоса алғанда жалпы объектілер құрылысы кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу шеңберінде кіру рұқсаты шарттарына шектеулер қарастырады.

БР

Мемлекеттік сатып алулар

7.

Ресей Федерациясы Үкіметінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 1695-р және 2016 жылғы 17 тамыздағы № 1726-р өкімдерімен жедел медициналық жәрдем көліктері мен мектеп автобустарын мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар шеңберінде ұлттық режимнен алып тастаулар орнатылған.

РФ

Мемлекеттік сатып алулар

Шектеулер

8.

РФ 2016 жылғы 16 қыркүйектегі               № 925 қаулысымен мемлекет қатысуы бар заңды тұлғалардың сатып алуларында ресейде шығарылған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің басымдығы белгіленген, атап айтқанда шет мемлекеттен шығарылған тауарларға, шетелдік тұлғалармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерге  қатысты конкурс пен аукцион және сатып алулардың басқа тәсілдері арқылы оларға 15% бағалық преференция берілген. 

РФ

Квазимемлекеттік сектор

9.

Бағдарды белгілеу бөлігінде МДП кітапшасын қолданумен (МДП Конвенциясы) халықаралық жүк тасымалы туралы Кедендік конвенцияны қолдануды шектеу туралы.

РФ

Көлік

 

Украинадан тауарлар транзитіне рұқсат ету жөнінде

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап РФ Президенті В.В. Путиннің 2016 жылғы 1 қаңтардағы № 1 «Ресей Федерациясының аумағы арқылы Украина аумағынан  Қазақстан Республикасы аумағына халықаралық транзиттік жүк тасымалын жүзеге асыру кезінде Ресей Федерациясының экономикалық қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету шаралары туралы» жарлығы  күшіне енді, оның қолданылуы Ресей Федерациясының аумағы арқылы Украина аумағынан  Қазақстан Республикасы аумағына халықаралық транзиттік автокөлік және темір жол жүк тасымалын шектейді.

2016 жылдың 20 қыркүйегінде Ресей Федерациясы Үкіметінің атына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жолдауы, 680 тауар жайғасымынан тұратын өнеркәсіптік тауарлар тізбесін көрсетіп, жіберілді.

Қазіргі уақытта Министрлікпен Украинада өндірілген тауарлардың Қазақстан Республикасына транзитін жүзеге асыруға рұқсат ету мәселесі пысықталуда.

 

Үшінші елдермен Еркін сауда аймақтары туралы (ЕСА) және сауда-экономикалық келісімдерді жасау жөніндегі жұмыс.

Қазіргі уақытта Израильмен, Иранмен, Сербиямен ЕСА туралы келісімдерді, сонымен қатар ҚХР-мен сауда-экономикалық келісімді жасау жөніндегі келіссөздер  белсенді түрде жүргізілуде. Келешекте сонымен бірге Мысырмен, Индиямен, Оңтүстік Кореямен және Сингапурмен және  т.б. елдермен тиісті келісімдерді жасаудың орындылығы туралы мәселелер қарастырылуда.

Аталған елдер Қазақстан үшін пайда/залалдарды ескере отырып, келісім жасау орындылығы үшін талданды. Талдау сауда-экономикалық деректердің, жекелеп айтқанда экспорт-импорт деректерінің негізінде жүргізілді, оның аясында қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін мүмкіндіктер мен тәуекелдер (қауіп-қатерлер) анықталды, Қазақстан Республикасының ЕСА елдеріне экспорттық мүддесі қалыптастырылды, шығарып тастау тізбелері берілді, сонымен қатар олар бойынша ынтымақтастықтың кейінгі құрылымы анықталды. Министрліктің аталған ұсыныстары ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің ЕСА туралы келісімдер жасауға әуелетті елдермен келіссөздері кезінде қолданылды

 

Қызметтерді ырықтандыру бойынша жұмыс

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 30 шешіміне сәйкес әзірленген 2016 жылғы 26 желтоқсанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен қызмет секторлары бойынша ырықтандыру жоспары бекітілген, Министрліктің құзыретіне келесі қызметтер кіреді:

- дала жағдайындағы жұмыстарды қоспағанда, геология, геофизика, геохимия және басқа-да ғылымдар саласында ғылыми консультациялық қызметтер бөлігінде пайдалы қазбалардың қатты түрлерiн, мұнайды, газды және жерасты суларын іздестірумен байланысты геологиялық, геофизикалық және іздестіру жұмыстарының басқа-да түрлері;

- саяхат бюросы туристтік агенттіктер (туроператорлар мен турагенттердің қызметтері);

- операторсыз серуен кемелерін жалдау және лизингі.

Көрсетілген қызметтерді кезең-кезеңімен ырықтандыру ЕАЭО бірыңғай қызметтер нарығының жұмыс істеуі шеңберінде еркін саудаға алып келеді.

 

 

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Халықаралық экономикалық интеграция департаменті