Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Экономикалық интеграция департаментінің 2016 жылдың бірінші тоқсанында Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығындағы қазақстандық өнімдерге кедергілер бойынша шолу дайындалды.

 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ресей Федерациясының жеткізушілері қазақстандық сатып алу нарығында тұрақты түрде қатысуда.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2010-2014 жылдар аралығында қазақстандық мемлекеттік органдар Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының жеткізушілерімен тауарлардың жеткізілімдеріне, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне қатысты шарттар жасасты. 2014 жылдың қортындысы бойынша информатизация және байланыс қызметтер саласында Ресей жеткізушілерімен келісілген шарттардың ішінде ең көп сома 409, 2 млн. тенге құрады.

  1. Бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы ұлттық режимнен алуларды бекіту

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясының аумағында Ресей Федерациясы Үкіметінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 1236 «Мемлекеттік және муниципалды қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздейтін сатып алуларды жүзеге асыру шет мемлекеттерінен шығарылған бағдарламалық қамтамасыз етуге тыйымдар орнату туралы» қаулысы күшіне енді (бұдан әрі – 1236 Қаулы).

1236 Қаулыға сәйкес, Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары ЭЕМ және дерекқорларға арналған софтты тек ресейлік бағдарламаларының бірыңғай реестрінде (бұдан әрі - Реестр) тіркелген субъектілерден сатып алулары тиіс, тек қажетті функционалдық, техникалық немесе пайдалану сипаттамаларына сай бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - БҚ) Ресейде болмаған жағдайда ғана реестрден тыс субъектілердің өнімін сатып алуға рұқсат.

1236 Қаулыға сәйкес, Реестрге БҚ қосуға қарастырылған критерийлер қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізушілерінің ресей мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу нарығына қатысуын теңсіз жағдайға қояды. Қазақстандық жеткізушілер үшін қиындық туғызатын талаптардың бірі ретінде, бағдарламалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру кезіндегі табыстың 30% аспайтын, құқықиеленушіге бағдарламалық өнімді қолдануға берілетін құқық үшін ортақ төлемдер сомасының болуы.

Сонымен қатар, қазіргі кезде Ресей Федерациясы Коммуникация және байланыс министрлігі ресейлік IT-өндірушілердің (немесе олардың өнімдерін жеткізушілердің) мемлекеттік сатып алуға қатысу ұсынысына 15-пайыздық төмендеткіш коэффиценті (критерий бойынша «шарттың құны») қолдануын тиісті ететін қаулы жобасы әзірлеуде.

Аталған преференция Ресей Федерациясының аумағында 2016 жылдың 1 мамырынан бастап қолданылады. Сонымен қатар, қазақстандық тарапына жоғарыдағы актілерінің қабылдануы туралы хабарлама РФ тарапынан ұсынылмады. Бұл ЕАЭО туралы Шарттың № 25 қосымшасының сатып алуды реттеу тәртібінің хаттамасының 32 тарауына қайшы келетінін атап өту қажет.

Осыған байланысты, ҚР ИДМ Экономикалық интеграция департаменті тарапынан казақстандық БҚ өндірушілеріне Ресей Федерациясының мемлекеттік сатып алу нарығында жоғарыда аталған кедергіні алып тастау мәселесі бойынша консультация жүгізу бастамашылық етілді.

Анықтама ретінде: ресейлік нарыққа өз өнімдерін жеткізетін қазақстандық БҚ өндірушілер тізімі:

- «Arta Software» ЖШС тапсырыс беруші – «Зебра Телеком» ЖАҚ (Мәскеу қ.);

- «Newintech» ЖШС тапсырыс беруші – «УСП Компьюлинк» ЖШҚ (Мәскеу қ.);

- KazNIC мекемесі тапсырыс беруші – ЖШҚ «Ректайм» (Самара қ.).

Сонымен қатар, ресейлік нарыққа шығу әлеуеті бар келесідей басқа да отандық компаниялар бар, олар: «Логиком» АҚ, «Алси» ЖШС және «EPAM Kazakhstan» ЖШС.

Аталған консультациялардың қортындысы бойынша эксперттер деңгейінде РФ Қаулысына өзгерістер енгізу туралы келісімге қол жетілді.

РФ экономикалық даму, тағы да байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрліктерінің өкілдері Ресей мемлекеттік сатып алу нарығында қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушілерінің ресейлік субъектілерімен теңестіретін Департаменттің РФ Қаулысына өзгеріс енгізу туралы ұсынысына келісім берді. Бұл келісім Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында 2016 жылдың 30 наурызында өткен келіссөздің хаттамасында бекітілді.

Қазіргі уақытта, РФ Қаулысына тиісті өзгерістер енгізу туралы Департамент ұсынысы ресей тарапына жіберілді.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының мемлекеттік және муниципальдық мұқтажына қажет сатып алуларға қатысу мақсатында қазақстандық БҚ өндірушілерін Реестрге енгізу сұрақтарын бизнес субъектілерімен талқылануда.

А.ж. 25 мамырында 1236 қаулыға өзгерістер енгізу үшін жүзбе-жүз консультация өткізілуі жоспарлануда.

2)      Жеңіл өнеркәсіп саласында ұлттық режимнен алып тастауларды белгілеу

Ресей Федерациясында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Ресей Федерациясы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1224 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» РФ Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1470 қаулысы бекітілді.

Көрсетілген қаулымен елдің қорғанысына және мемлекеттің қауіпсіздігіне қажет мақсаттаға сатып алулар үшін шет ел мемлекеттерімен шығарылатын тауарларды кіргізуге, шет ел тұлғаларымен орындалатын (көрсетілетін) жұмыстарға (қызметтерге) тыйым және шектеулер қойылған.

Түзетулермен тізімге қосылған тауарларға қатысты ЕАЭО мемлекеттеріне ұлттық режим беру туралы шешім қабылданды. Тауарларды Ресейде өндірілген өнімге жатқызу критерийлері белгіленуде. ЕАЭО мемлекеттері аумағында тізімде көрсетілген тауарлардың өндірісі жоқтығын растайтын жаңа тәртіп әзірлеу жоспарлануда.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің № 25 Қосымшасының 32-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссияның қарастыру тәртібінің 3-тармағына сәйкес, РФ Экономикалық даму министрлігімен ЕАЭО мүше-мемлекеттеріне тиісті ескертпелер жолданған.

Бұдан басқа, РФ Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 2534-р және 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 2726-р өкімдерімен сонымен бірге            2 жылдық мерзімге арнаулы киімдерді жеткізуді осындай келісімшарт орындаушыларын заттай мүліктерді өндіру үшін «Брянскілік камвольдік комбинат» ЖШҚ-дан камвольдік маталарды сатып алуды жүзеге асыруды белгілеу міндеттерін ұлттық режимнен алып тастаулар белгіленген.

Сонымен бірге, РФ бұл өкімдері бойынша ресей тарабымен ЕАЭО мүше-мемлекеттеріне ескертпелер бағытталған. Қазақстан Республикасында камвольдік маталарды өндіру жолға қойылмаған, осыған байланысты Қазақстан Республикасы үшін ықтимал қауіп-қатерлер жоқтығын атап өту қажет.

  1. Жүк тасу саласында

2015 жылғы 15 қарашадан бастап Ресей Федерациясы аумағында федералдық маңыздағы  пайдалану жолдарын пайдаланғаны үшін ауыр салмақты автомобильдерден ақы төлетуге арналған  «Платон» жүйесі енгізілген.

12 тонналық жүк көліктерінен ақы төлету жүйесі Ресей аумағында «Ресей Федерациясының Бюджеттік кодексіне және Ресей Федерациясының жекелеген заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 68 Федералдық заңның негізінде енгізілген.

Жоба Концессионердің өзінің және қарызға алған қаржыландыру есебінен ақы төлеу жүйесін құру оны кейіннен ұстау және пайдалану міндеті қарастырылған өмірлік цикл келісімшарт схемасы бойынша Федеральдық жол агенттігімен (Росавтодор) және «РТ-Инвест Көліктік Жүйелер» ЖШҚ-мен бірлесіп іске асырылуда «РТ-Инвест Көліктік Жүйелер» ЖШҚ жүйенің операторы ретінде ақы төлеу жүйесін құрудың толық циклын камтамасыз етеді: жобалау, құру және пайдалануға енгізілу, пайдалану және жүйені жаңарту Жобаның жалпы іске асырылу мерзімі – Концессиялық келісімге қол қойылған күннен бастап 13 жыл (29.09.2014). 

Бүгінгі күнде Ресей Федерациясының федералдық трассаларына жалпы зиянның 56% дәл осы салмағы 12 тоннадан артатын ауыр салмақты көлікке келеді, осылайша мұндай бір автомобильдің жүріп өтуі 25 000 -50 000 жеңіл автомобиль қозғалысымен бірдей.

Ресей Федерациясы жыл сайын жолдарға 1 трлн. рубль жұмсайды. Бұл ретте төленген көлік салығының және жанар май акциздерінің басым бөлігі бүгінгі таңда жүк көліктері негізінен жолды талқандайтын жүк тасушы компанияларға емес (ал олар, есептеулер бойынша, шамамен 1,5-2 млн), 2014 жылдың соңына 40 миллионнан сәл артық жеңіл автомобиль иелеріне келеді.

Ресей Федерациясы ақы төлеу жүйесін құруға – аса ірі IT-жобаға – бірде-бір бюджеттік рубль шығындамайды. Жүйе мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде толықтай инвестордың қаржысы есебінен іске асырылдады, бұл ретте Федералдық жол қоры жол шаруашылығы жобаларын қаржыландырудың жаңа көзін алады.

 «Платон» жүйесінің қолданушылары үшін тариф 2015 жылдың 15 қарашасынан бастап бір километр жол үшін 1,53 рубльді құрайды. Ресей Федерациясы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 139 қаулысына сәйкес «ақы мөлшерін есептеуде 0,41 коэффициентінің қолдану мерзімі арнайы шешімге дейін ұзартылған», осылайша қазіргі кезде 2015 жылдың 15 қарашасында белгіленген Ресей федералдық трассаларымен жүру тарифі әрбір километр жол үшін  1,53 рубль болып қалған.

Бұл кедергі бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық автомобильдік тасымалдаушылар одағына (бұдан әрі - ҚазАТО) және Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – ҚР ҰКП) «Платон» жүйесін қазақстандық жүк тасымалдаушыларға қатысты қолданылғаны туралы фактілерді хабарлау бойынша ресми сұрау жолданды.

Осылайша, ҚазАТО-ның жауабына сәйкес Ресей Федерациясының федералдық трассаларымен жүретін қазақстандық сонымен бірге басқа шет елдік және ресейлік тасымалдаушылардың салмағы 12 тоннадан астам барлық көлік құралдары жүріп өткен километр санына сәйкес ақы төлейді.

Бұдан басқа ҚР ҰКП мен ҚазАТО-ның ауызша мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта қазақстандық жүк тасымалдаушылар тарабынан «Платон» жүйесіне қатысты қандай-да бір наразылық байқалмаған.  

  1. Өнеркәсiп орындарды субсидияландыру мәселесі

Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы ұлттық заңнамалары шеңберінде өздерінің өнеркәсiп орындарын субсидияландыру түрінде қолдау көрсетеді. Субсидияландыру ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің ұлттық өнеркәсіптерінің дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі.

Бірақ, Экономикалық интеграция департаментінің пікірі бойынша, беларуссиялық және ресейлік тарапынан аталған құралды аза көп қолдануы, әдетте, ЕАЭО ортақ нарықғындағы, және де Қазақстанның ішкі нарығындағы тауарлардың бағаларының экономикалық орынсыз төмендеуіне алып келеді, ол өз кезегінде қазақстандық өндірушілерді теңсіз және бәсекеге қабілетсіз жағдайға алып келеді.

2016 жылдың I кварталында келесі бағыттар бойынша субсидиялар көрсетілді.

  1. Радиоэлектроника өндіріс саласында

Ресей Федерациясында салалық инфрақұрылымдарды қалыптастыруға арналған жобаларды іске асыруын ынталандыратын, оның ішінде өнеркәсіптік кластерлерды, импортты алмастыру үлесі мен электронды және радиоэлектронды өнімдердегі инновациялық тауарлардың көлемін артыратын, «2013-2025 жылдар аралығындағы электронды және радиоэлектронды өндірістерді дамыту» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қабылданған, РФ Үкіметінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 110 Қаулысы қабылданған.

Аталған қаулы салалық инфрқұрылым, оның ішінде радиоэлектроника саласындағы кластерлерді құруға арналған жобаларды іске асыру мақсатында ресейлік өнеркәсіптер мен ұйымдарға федеральды бюджеттен субсидиялар беру тәртібін анықтайды.

2016 жылғы 17 ақпанындағы № 110 Қаулымен, салалық инфрақұрылым, оның ішінде радиоэлектроника салаларын құру жобаларын іске асыруға ресейлік несиелік мекемелерден алынған несие пайызының бөлігін төлеуге радиоэлектрондық өнеркәсіптегі ресейлік кәсіпорындарға федералдық бюджеттен субсидиялар беру ережелері бекітілді.

Аталған ережелерге сәйкес іске асыру мезгілі бес жылдан аспайтын кешенді жобаларға арналған несие алған мекемелерге субсидия конкурстық іріктеуден өту арқылы, келесідей жалпы құны бар мемлекеттік бағдарламасының ішкі бағдарламаларына беріледі:

  • телекоммуникациялық құралдарға – 1,5 млрд. рубльге дейін;
  • есептеуіш техникаларға – 2,5 млрд. рубльге дейін;
  • арнайы технологиялық құралдарға – 2 млрд. рубльге дейін;
  • зияткерлік басқару жүйесіне –1 млрд. рубльге дейін.

Субсидиялауға кешенді жобаны іске қосу шеңберінде салалық инфрқұрылымдарды құру мақсатында жаңа өндірістік қуаттарға, жобалау-сметалық құжаттама дайындауға, өндірістік құрылыстарды құруға немесе жаңартуға, құру-жабдықтау және іске қосу және баптау жұмыстарын жүргізуге, және де құралдарды сатып алуға, дайындауға және жеткізуге жер участкілерін сатып алу немесе ұзақ мерзімге жалға алу инвестициялық шығындарына арналған ресейлік несие мекемесінен 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап алынған несиелер жатады.

2016 жылғы 17 ақпандағы № 109 Қаулысымен, басымдық электрондық компоненттер мен радиоэлектрондық аппартаураларды жетілдіруге ғылыми-техникалық негіздеме жасау шығынының бөлігін төлеуге ресейлік кәсіпорындарға федералдық бюджеттен субсидиялар беру ережелері бекітілген.

Аталған ережелерге сәйкес іске асыру мезгілі бес жылдан аспайтын кешенді жобаларға арналған несие алған мекемелерге субсидия конкурстық іріктеуден өту арқылы, берілетін субсидиядар келесідей жалпы құны және ең жоғарғы жылдық көлемі бар мемлекеттік бағдарламаның ішкі бағдарламаларына арналады:

  • телекоммуникациялық құралдарға – 300 млн. бастап 1,5 млрд. рубльге дейін;
  • есептеуіш техникаларға – 400 млн. рубльден бастап 2,5 млрд. рубльге дейін;
  • арнайы технологиялық құралдарға – 300 млн. рубльден бастап 2 млрд. рубльге дейін;
  • зияткерлік басқару жүйесіне –200 млн. рубльден бастап 1 млрд. рубльге дейін.

Субсидияға иелену құқығын алуға конкурстық іріктеу екі кезеңнен тұрады:

  • жобаны Ресей өнеркәсіп және сауда министрлігінің эксперттік кеңесінің ғылыми-техникалық бағалауы;
  • Өнеркәсіп және сауда министрлігінің конкурстық комиссиясының ғылыми-техникалық экспертизсының біршама критерийлерінен өтуі, оның ішіндегі ең бастылары өндіріс көлемі және импортты алмастыру немесе инновациялық өнімді іске асыру, жаңадан құрылған жоғары технологиялық жұмыс орындардың сандары, патентер мен (немесе) өндіріс құпия (ноу-хау) сандары, кешенді жобаның және жасалған өнімнің экспорттық көлемінің іске қосу мезгілі.

Қабылданған шешімдер салалық инфрақұрылымдарды құру, оның ішінде импортты алмастыру үлесін және электронды және радиоэлектронды өнімдердің инновациялық тауарларының шығарылымының жалпы көлемiн арттыру жобаларын жүзеге асыру арқылы қазақстандық осы саладағы мекемелердің бәсекеге қабілеттілігіне теріс ықпалын тигізеді.

  1. Дәрілік препараттар өнідіріс саласы

РФ ЕАЭО аумағында дәрілік заттар және медициналық бұйымдарға арналған жалпы нарық құрылуына қарамастан, ресейлік фармацевтикалық өндірушілерді субсидияландыру механизамі арқылы қолдауы қазақстандық бизнес субъектілерді теңсіз жағдайға алып келеді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта, 2015 жылғы 30 желтоқсандағы РФ Үкіметінің № 1503 қаулысымен бекітілген 2013–2020 жылдарға арналған «Фармацевтикалық және медициналық өндірістерді дамыту» РФ мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына байланысты, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап фармакотерапевтік әсері ұқсас және жақсартылған тектес инновациялық дәрілік заттарды жетілдіру жобаларын іске асырудағы шығынның бөлігін өтеуге федералдық бюджеттен субсидиялар беру ережелері бекітілді (бұдан әрі – Ережелер).

Анықтама үшін: Ережелер бойынша фармакотерапевтік әсері ұқсас және жақсартылған тектес инновациялық дәрілік заттарды жетілдіру жобаларын іске асырудағы шығынның бөлігін өтеуге (50 пайызға дейін) федералдық бюджеттен субсидиялар беру тәртібі мен шартты белгіленген.

Өндірістерді даму қоры белсенді жұмыс атқарып жатыр, қазіргі уақыттың өзінде біршама фармацевтикалық және медициналық компаниялар олардың несиелеріне иеленуде. Бұл қор онкологиялық, ЖҚТБ, туберкулез және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілерге арналған фармсубстанциялар өндірісінде технологиялық компетенцияларды артыруға арналған жобаларды қаржыландырады.

Соңғы үш жылда шетелдік капиталдарының қатысуымен Ресейде 10 жаңа фармзауыттар іске қосылды. Сонымен қатар, өндірістегі қуаттардың маштабтын, оның ішінде ресейлік мекемелердің өндіріс саласындағы жаңа компетенциясы мен ғимараттарын модернизацияландыру жүргізілуде. Соңғы 3-4 жылда Ресей моноклональды антидене, инсулиндер және олардың аналогтері, цитокиндер және өсу факторлері, қанның ұйысуының рекомбинанттық факторлер, рекомбинанттық ферменттер, рекомбинанттық вакциналар, клеткалық терапия дәрілері өндіруді біліктенді.

Соңғы бес жылда Ресейде дәрілік құралдардың өндіріс көлемі 2 есе артты және 2014 жылы жалпы көлемі – 185 млрд. руб., 2015 жылдың 1 жартысында – 99,5 млрд, руб. болды.

Осымен қатар, ЕАЭО аумағында отандық фармацевтикалық өндірушілердің өнімдерінен субсидияланған ресейлік дәрілер ортақ нарықта ерекше басымдылыққа ие болады.

  1. Ауылшаруашылық машинажасау өнеркәсібі саласында

Ресей Федерациясында 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1432 «Ауылшаруашылық техниканы өндірушілерге субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы» Ресей Федерациясы Үкіметі қаулысы (дұдан әрі – 1432 Қаулысы) қолданыста.

Сонымен, 1432 Қаулысына сәйкес субсидиялар өндірушіге ауылшаруашылық техникасының бағасынан 25 % мөлшерінде, бірақ ауылшаруашылық техникасының бірлігінен субсидияның шекті мөлшерінен артық емес, ауылшаруашылық техникасының бағасынан 30 % мөлшерінде, бірақ ауылшаруашылық техникасының бірлігінен субсидияның шекті мөлшерінен артық емес, белгіленген аймақтың ауылшаруашылық тауар өндірушілермен іске асыру жағдайында беріледі.

1432 Қаулымен көрсетілген критерийлер (3 жылдан кем емес салық резиденттілігі, конструкторық және технологиялық құжатарға құқыққа ие болу, РФ 40 субъектілерінде кем емес техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік ұйымдармен келісім болуы) ЕАЭО Жалпы нарығына кіру бойынша ауылшаруашылық техникасының қазақстандық өндірушілері үшін елеулі шектеулерді тудырады және оларды теңсіз жағдайға қояды, 1432 Қаулысына сәйкес субсидияландырылған ресейлік өндірушілердің бағалары төмендігіне байланысты өз өнімдерінін бәскеге қабілетті төмен болғандықтан.           

Сонымен бірге, 2016 жылда ауылшаруашылық машинажасауды қолдау бағдарлама шеңберінде ауылшаруашылық техникасын өндірушілерін қолдау үшін, Ресей Федерациясы Үкіметі 20 млрд. рубль бөледі.    

Бағдарлама оқыту-өндірістік базасын және ауылшаруашылық ЖОО-ларды жаңарту, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасын өндірушілеріне субсидияларды беруді  қарастырады. Осы жылы 10 млрд.рубль көлемінде субсидиялар беру қарастырылады.

Бұдан бұрын, РФ Үкіметі эксковаторлар мен комбайндерден «шамадан тыс» утилизациялық жиындар енгізгенін мәлімдеген. Құжатта утилизациялық жиынның базалық баж көрсетіледі, ол 150 мың рубль деңгейінде белгіленген, сондай-ақ коэффициенттер, олар техниканың жасына байланысты, көлем және қозғалтқыш қуаттылығына және басқа сипаттамаларға есепке алынған. 

Осы барлық шаралар, ресейлік нарығында жергілікті өндірушілердің үлесін көбейтуге, ал шетелдіктін азайтуға мүмкіндік берді.

  1. Жүк автомобильдерін жасау саласыснда

 «Автостат» талдау агенттігінің деректері бойынша өткен жылы нарықтың жалпы құлдырауы 42% — 51 200 автомобильге дейін құрады.  2015 жылы нарық сыйымдылығы әлдеқайда жоғары болған: Ресейде 88 мың жүк көліктері сатылған.

Қытай маркаларының (SHAANXI, HOWO, CAMC, FOTON және т.б.) көпшілігінде сатылулар елеулі төмендеген. Европалық өндірушілердің арасында ең көптеген қиыншылықтар Renault (-72%, 150 данаға дейін), Volvo (-70 %  1000 данаға дейін) и DAF (-67 % 650 данаға дейін) көрді.

 «Камаз» және «Урал» ресейлік маркалары бірінші кезекте жаңа техникаға бағаның өсуінің аздығынан, жалпы нарыққа қарағанда жақсырақ сату динамикасын көрсетті. «Камаз» құрылыс саласында ең көп сұранысқа ие, сонымен бірге сатылулары өткен жылы 900 дананы құраған жаңа 5490 сүйрегіші жақсы нәтиже көрсетті. Бұл жетістікке ресей компаниялары соның ішінде 2016 жылға ұзартылған автомобиль өнеркәсібіне мемлекеттік қолдау көрсету шаралары арқылы қол жеткізді.

Шамамен осындай жағдай осы жылы да сақталады: тиімді жағдайда локализацияны ел ішінде жасаған маркалар болады. Олар бағаның өсуін (өзіндік құны шығындарында рубль үлесінің болуына байланысты) тоқтата алады және утилизациялық бағдарлама мен жеңілдікті лизингке сүйенеді. Импорттық техника сатушылары бұған әлі ештеңе қарсы қоя алмайды.

Ресей нарығында үстемдік етуде ең көп жетістікті «Камаз» көрсетті. Компания 2015 жылдың нәтижесі бойынша өзінің толық салмағы 14-40 тонна жүк көлігі нарығындағы үлесін 45 % -дан 57 %-ға дейін - 12 % -ға ұлғайтты. Соңғы деректер бойынша, Камалық автозауыттың ұсынылған есебі бойынша компания ел ішінде 22 645 автомобиль сатты, ол 2014 жылғы сатылымдардан 30% -ға кем. Бұдан басқа, шет ел нарықтарында «Камаз» былтырғы жылға қарағанда азырақ автомобильдер сатты. Экспорттық жеткізулер 5847 жүк көліктерін құрады немесе 3,8 %-ға кеміді. ТМД елдеріне жеткізулер 4212 дананы, алыс шет елдерге – 1635 автомобильдерді құрады.

Бірақ «Камаз» үшін 2015 жылды өткен жылдармен салыстырғанда өнімді өндіруде және өткізуде нашар деп санауға болатын болса, ресей нарығында бәсекелестерінің істері одан да нашар болды.

Дағдарыс Ресей Федерациясы аумағында Scania, MAN, Volvo, Iveco және басқа да әлемдік концерндердің, оның ішінде қытайлық және американдық автомобиль өнеркәсібінің өкілдерінің сатылымдарын шындығында тоқтатты. Ораташа есеппен европалық брендтер өз автомобильдерінің сатылымында 30%-дан 60%-ға дейін жоғалтты. Ресейде жылдық нәтиже бойынша шет ел автомобильдері сатылымының жалпы үлесі 2014 жылы 36 %-дан 2015 жылы 22 %-ға дейін төмендеді. Олардан басқа нарықтағы үлесі 6 %-ды құрайтын (2014 жылы ол 10 %-дай болған) белоруссиялық «МАЗ» өз позициясын елеулі бәсеңдетті.

Солайша ресейлік «Урал» жүк көліктері нарығында өз позициясын нығайтты. Компания 2610 машиналар сатты. Бірақ бұл 2014 жылға қарағанда 35%-ға кем болса да, «Уралдың» үлесі 7%-дан 15%-ға дейін өсті.

Осылайша, «Урал» да «Камаз» секілді шет елдік автомобильдерге сұраныстың азайуына байланысты өзінің үлесін ұлғайтты. «Автостат» талдаушыларының пікірінше, мұндай жағдай 2016 жылы да байқалады. Ресейлік коммерциялық автомобильдерді өндірушілер өнімдерінің құны жоғары шет елдік бәсекелестеріне қарағанда сатылымда орнықтырақ болады. Оның үстіне отандық жүк көліктерін сатуда оң әсерін тигізетін мемлекеттік қолдау шаралары импорттық ұқсас өнімдерді қамтымайды.   

5)      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өз құнынан төмен өткізу саласында

2016 жылғы 31 наурыздан бастап Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 246 қаулысымен  (бұдан әрі - № 246 Қаулы) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өз құнынан төмен өткізу туралы шешім қабылдау қағидасы түзетілген. Бұл қаулымен Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 94 қаулысымен бекітілген нарық конъюнктурасын ескере отырып анықталатын бағалар (тарифтер) бойынша  тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу тәртібі туралы Ережеге өзгертулер енгізілген. Атап айтқанда, Ережеден көтерме және бөлшек сауда ұйымдары басшыларымен Беларусь Республикасы аумағында отандық өндіріс тауарларын олардың сатып алу бағасынан төмен өткізу туралы шешім қабылдау тәртібін белгілейтін нормалар алынып тасталды. Көрсетілген күннен бастап Ереже нормалары тек тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіруді жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар мен жарғылық қорында мемлекет үлесі бар шаруашылық қоғамдарды қамтиды. 

Бұрынғыдай, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өз құнынан төмен бағамен өткізу туралы шешім өндіруші-ұйымның басшысымен өздігінен немесе келісумен қабылданады. Алайда, ол, енді жыл басынан үдемелі қорытындымен есептелген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізудегі шығын және таза шығын болған кезде басшымен келісіледі. Бұдан бұрын қолданылған тәртіп осындай келісуді жалпы ұйым бойынша шығын (жыл басынан үдемелі қорытындымен) болған кезде қарастырды.

Бұл ретте, басшы шешімді  бұрынғыдай өндіруші-ұйым бағынысындағы мемлекеттік басқару республикалық органмен, Беларусь Республикасы Үкіметіне бағынышты басқа да мемлекеттік ұйыммен, облыстық атқару комитетімен және Минск қалалық атқару комитетімен келісу міндетті.

Бұл ретте көрсетілген жағдайда тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өз құнынан төмен бағамен өткізу туралы шешімді басшылар да келісетіні қосылған:

- акциялары (жарғылық қордағы үлестері) мемлекет меншігіндегі, бірақ тиісті жергілікті атқарушы және жарлықшы органдармен мемлекеттік органға (ұйымға) басқаруға берілмеген өндіруші-ұйымдар;

- мемлекеттің қатысуымен холдингтің құрамына кіретін, осы холдингтің басқарушы компаниясы мемлекеттік органға бағынышты болатын ұйымдар.

№ 246 Қаулымен осындай шешімдерді басшымен өздігінен қабылдау шарттары түзетілген.

Бұл ретте, өндіруші-ұйымның қаржылық жағдайына байланысты болатын шешім қабылдау шарттары өзгертілген.

Осылайша, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өз құнынан төмен бағамен өткізу туралы шешімді ұйым басшысы өздігінен мынадай жағдайларда қабылдай алады:

1) өндіруші-ұйымда тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуде шығын және ағымдағы күнтізбелік жылдың қаңтар-ақпан айларында таза шығын, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуде кіріс және (немесе) алдыңғы күнтізбелік жылда таза кіріс болғанда;

2) жыл басынан үдемелі қорытындымен есептелген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуде кіріс және (немесе) таза кіріс болғанда.

Бұрын бұл шешімді қабылдау үшін есептегі жылдың басынан жалпы ұйым бойынша рентабельділіктің оң деңгейін сақтау туралы шарт орындалуы талап етілетін. 

Бұдан басқа, басшы бұл сұрақ бойынша шешімді өздігінен сонымен бірге ұйымның қаржылық-шаруашылық көрсеткіштерінен қарамастан қабылдайды. Бұл бұрын тек «Белорусь әмбебап тауар биржасы» ашық акционерлік қоғамы ұйымдастыратын биржалық саудада өнімді өткізген кезде мүмкін болатын.

Қазіргі уақытта мұндай шешім:

- заңнамамен бекітілген ең жоғары шекті бағалармен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді);

- шекті ең төмен бағалар қойылған, бірақ белгіленген деңгейден төмен емес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді);

- белгіленген жарамдылық мерзімі бар өнімдерді;

- өндіруші-ұйымның қоймасында бір жылдан астам жатқан және (немесе) ассортименттен шығарылатын өнімдерді;

- өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы және т.б. өнімдерді өткізген жағдайда қабылданады.

Бұдан басқа, мынадай ережелер сақталды, оған сәйкес:

- шешім қабылдау тәртібі бекітілген баға белгіленген тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қолданылмайды;

- оларға қатысты шекті ең төменгі баға айқындалған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) олардың белгіленген деңгейінен төмен емес баға бойынша сатылады.

Осы қағида ішкі нарықтада (бұдан бұрын болғандай), сыртқы нарықта да тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату кезінде сақталады.

  1. Техникалық реттеу мәселелері бойынша

«Kaznex invest» АҚ-ға шыныны өнәркәсіптік өңдеуге, оның ішінде құрылыс мақсатындағы шыныпакеттері өндірісіне маманданатын «Сектекло-Сервис» ЖШС (бұдан әрі – Компания) өтініш жасады. Компания өндіретін өнімнің бір бөлігін Ресей Федерациясына экспорттайды. Орташа экспорт үлесі өндірістің жалпы көлемінен 25%-ды құрайды.

Қазіргі уақытта, Компания теміржол жолаушы вагондарын үшін шыныпакеттерін жеткізу бойынша КМТ ресей компаниясымен (Санкт-Петербург) келіссөздер жүргізуде. Бірақ, КТМ ресей компаниясы мынадай төмендегі талаптарды сақтауды талап етуде:

өндірісті жүзеге асыру, содан кейін шыныпакеттерін МЕМСТ 35568-2013 талаптарына МЕМСТ Р жүйесінде сертификаттау;

- шынылар мен шыныпакеттерін сертификаттау кезінде ЕАЭО мүше елдерінің нарығында өнімді айналдырудың бірыңғай белгісімен таңбалау бойынша талаптарды ескеру қажет;

- «Теміржол жылжымалы құрам қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін міндетті растау рәсімін жүргізу, машинисттің бүйір жақ кабинасының терезерелір құрылымына кіретін шыныландырудың төзімділігі жоғары бұйымдары жасады.

Ресей тапсырысшымен пысықтау барысында «Теміржол жылжымалы құрам қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде (ТР ТС 001/2011) тармақшалардың қайшылықтары анықталды.

Мысалы, техникалық регламенттің №3 қосымшасында –сертификаттауға жататын теміржол жылжымалы құрамның құрамдас бөліктерінің тізбесі 7-тармақта қауіпсіз теміржол жылжымалы құрамын шыныландырудың төзімділігі жоғары бұйымдары (күш тарту және моторвагонды жылжымалы құрам)  көрсетілген. Аталған тармақта жолаушы вагондары жайында айтылмаған. Дәл сол регламенттің қауіпсіздік тлаптарының 4-тармағында 19-тармақшада мыналар көрсетілген.

 «…

Конструкторлық құжаттамаға сәйкес машинист кабинасының, жолаушы вагондары мен моторвагонды жылжымалы құрамның вагондарының шынылары мынадай таңбалауы болуы тиіс:

а) КО мүше елдерінің нарығында айналу белгісі;

б) өндіругі атауы және (немесе) оның тауар белгісі);

в) шыны түрінің белгісі;

г) қорғаныс класы;

д) сертификаттау туралы мәліметтер.

…».

Өз кезегінде Компания өндіретін өнімдерге ресей тапсырысшының талаптары жоқ. Олардың мекен-жайларына ұсынылған бірінші тәжірибелі үлгі сынақтан ойдағыдай өтті.

Тиісінше, Компанияда теміржол көлігі үшін шыныпакеттері өндірісін ретке келтірудің үлкен мүмкіндіктері бар. Компания үшін бұл жаңа және ауқымды нарыққа шығу перспективасы және шығаралатын өнім экспортының үлесін арттыру мүмкіндігі.

Жоғарыда көрсетілген кедергілер бойынша Экономикалық интеграция департаменті 2014 жылғы 29 мамырдағы Евразиялық экономикалық одақ туралы шарт нормаларына сәйкес оларды жою бойынша пысықтау жұмыстарын бастады.

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Халықаралық экономикалық интеграция департаменті