Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Баспасөз-парақшасы Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі және Сингапурдың Сауда және индустрия министрі Ко По Кунмен кездесу қорытындысы бойынша.

2016 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің Сингапур Сауда және индустрия министрі Ко По Кун басшылығымен келген Сингапур делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялы ынтымақтастығы мәселелері қарастырылды. Министр Әсет Исекешев сингапур тараптарын инвестициялық климатты жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде сингапурлық жақ үнделген бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ және Сингапур Республикасы арасындағы Еркін сауда аймағы туралы келісімін жасау мүмкіндігі мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптармен ағымдағы жылы бірлескен бизнес-форум өткізу мүмкіндігі туралы ұсыныстарын білдірді.

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Халықаралық экономикалық интеграция департаменті