Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0910/18
В Астане прошел казахстанско-сербский бизнес-форум

Астанада Қазақстан-Сербия бизнес форумы өтті

 

Бүгін Астанада Сербия Республикасының Президенті Александар Вучич пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Қазақстан-Сербия бизнес-форумы өтті.

Бизнес-форумға агроөнеркәсіп кешені, химия, туризм, медицина, көлік, телекоммуникация сияқты салалар бойынша Сербия тарапынан 100-ге жуық ресми тұлғалар мен бизнес өкілдер, ал Қазақстан тарапынан шамамен 80 адам қатысты.

Серб компаниялары арасынан Algotech (телекоммуникация), ChemicalAgrosava (химия), Akomed (медициналық жабдықтар өндірісі), Аданко (тоқыма), Meat ING Belgrade (ауыл шаруашылығы), Ветеринарлық медицина институты, Белград әуежайы сияқты ірі компанияларды атауға болады.

Бизнес-форумда бірқатар құжаттарға қол қойылды.

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Сербия Республикасының Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрлігі арасындағы әуе тасымалы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Сербия Республикасының Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрлігі арасындағы құрылыс саласы бойынша ынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы меморандум;
  3. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік даму министрлігі мен Сербия Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы Жастар саясаты саласы  бойынша өзарат үсіністік туралы меморандум;
  4. «Ветеринарлық медицина ұлттық анықтамалық орталығы» РМК мен Сербияның ғылыми ветеринарлық институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасында сыртқы сауда айналым 60%-ға өсіп, 42 млн. АҚШ долларын құрады. Бүгінгі таңда сербиялық капиталдың қатысуымен Қазақстанда шамамен 40 компания жұмыс істейді. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Халықаралық экономикалық интеграция департаменті