Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

News

0402/19
Страны участники ЕАЭС подписали межправительственное соглашение о судоходстве

ЕАЭО қатысушы елдердің кеме қатынасы туралы үкіметаралық келісімге қол қойды

Бүгін, яғни 2019 жылғы 1 ақпанда ЕАЭО қатысушы елдерінің Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің шеңберінде кеме қатынасы туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Армения Республикасының Көлік, байланыс және ақпараттық технология министрі Акоп Аршакян, Ресей Федерациясының Көлік министрі Евгений Дитрих, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қырғыз Республикасының Көлік және жолдар министрі Жанат Бейшенов, Беларусь Республикасының Көлік және коммуникация министрінің орынбасары Алексей Ляхнович аталған құжатқа қол қойды.

Кеме қатынасы туралы келісім ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ішкі су жолдары бойынша кемес қатынасын жүзеге асыру кезінде бірыңғай құқықтық алаңды құруға бағытталған.

Қазақстандық флотты ашық теңізге шығару бойынша іске асырылып жатқан шаралар шеңберінде аталған Келісім стратегиялық маңызға ие және жақын арада Ресейдің ішкі су жолдары арқылы Қара және Жерорта теңізі порттарына 350 мың тоннаға дейін тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2018 жылы қазақстандық сауда флотымен осы маршрут бойынша шамамен 55 мың тонна жүк тасымалданды.

Сондай-ақ, Келісімді қабылдау Қазақстан мен Ресей арасындағы Ертіс өзені арқылы тасымалдауды, оның ішінде Қазақстан арқылы Қытайға дейінгі транзитті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

2018 жылы ішінде Қазақстан мен РФ арасындағы Ертіс өзенінің бойындағы жүктер айналымының жалпы көлемі 261,6 мың тоннаны құрады, ал 2023 жылға қарай жүк тасымалдау көлемін 1 млн.тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.


© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Department of International Economic Integration